Туған жер тазалығы – ортақ жауапкершілік

Таза көше мен көрікті аула – тұрғындардың мәдениеті мен жауапкершілігінің көрсеткіші. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылатын сенбіліктер мен тазалық акциялары елді мекендердің келбетін жақсартып, қоршаған ортаны таза ұстауға ықпал етуде.

Әрбір азамат өз ауласын, көшесін және қоғамдық орындарды таза ұстауға үлес қосса, қоршаған орта әлдеқайда көркейе түседі. Тазалықты сақтау тек бір күндік шара емес, ол күнделікті өмір салтына айналуы тиіс.

Туған жердің тазалығына немқұрайлы қарамай, ортақ іске атсалысу – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT