Туған жерді жақсы көруді әркім әртүрлі түсінеді. Бірі оның тарихын мақтан тұтса, енді бірі елдің дамуына үлес қосуға тырысады. Ал туған өлкенің табиғатына жанашырлық таныту – сол сүйіспеншіліктің нақты көрінісі.
«Таза Қазақстан» аясындағы жұмыстар осы түсінікті күнделікті әрекетке айналдыруды көздейді. Аудан тұрғындарының ортақ іске жұмылып, өз аумағын ретке келтіруі – жауапкершіліктің жақсы үлгісі. Әсіресе жастардың экологиялық бастамаларға араласуы қуантады. Себебі бүгінгі жас буын қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастырса, оның игілігін ертеңгі ұрпақ көреді.
Тазалық тек қоқыс жинаумен өлшенбейді. Табиғатты бүлдірмеу, суды ластамау, жасыл желекті қорғау, қоғамдық орынға ұқыпты қарау да маңызды.
Ауданның көркеюі үлкен жобалардан ғана емес, әр адамның кішкентай жауапты ісінен басталады.
Г.ЖОЛДАСҚАЛИҚЫЗЫ


