Отбасы – әр адамның жылуын сезінетін, қолдау табатын ең жақын ортасы. Сондықтан үй ішіндегі өзара түсіністік пен сыйластықтың маңызы зор. Тұрмыстық жанжалдың алдын алу – тек құқық қорғау органдарының емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті деп ойлаймын.
Кей жағдайда адамдар арасындағы түсініспеушілік, ашуға бой алдыру немесе мәселені дұрыс шеше алмау отбасылық қиындықтарға әкелуі мүмкін. Осындай сәттерде сабыр сақтап, бір-бірін тыңдай білу, мәселені бейбіт жолмен шешуге ұмтылу маңызды. Ауданда тұрмыстық жанжалдардың алдын алу, отбасылық құндылықтарды насихаттау бағытында түсіндіру жұмыстарының жүргізіліп жатқаны – қоғам үшін қажет қадам.
Заң мен тәртіп әр адамның өз үйіндегі қарым-қатынасынан басталады. Отбасындағы құрмет пен жауапкершілік сақталған жерде береке де, тыныштық та болады. Сондықтан әр азамат жанжалға жол бермей, жақындарына қамқорлықпен қарап, қоғамдағы тұрақтылыққа өз үлесін қосуы керек.


