Цифрлық кеңістікте де заң талаптары сақталуы тиіс

Бүгінде интернет күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда цифрлық мүмкіндіктермен бірге онлайн ортадағы қауіпсіздік мәселесі де өзекті болып отыр. «Заң мен тәртіп» қағидаты интернет кеңістігіндегі қарым-қатынасқа да тікелей қатысты.

Әлеуметтік желіде жеке мәліметтерді жариялау, күмәнді сілтемелерге өту немесе бейтаныс адамдарға банк картасы мен кодтарды беру күтпеген жағдайларға әкелуі мүмкін. Сонымен қатар желіде өзге адамның ар-намысына тиетін ақпарат тарату да жауапкершілік мәселесін туындатуы ықтимал. Сондықтан кез келген ақпаратты таратпас бұрын оның дұрыстығына көз жеткізу маңызды.

Цифрлық сауаттылық – қазіргі қоғамның қажетті дағдысы. Интернетті қауіпсіз әрі жауапкершілікпен пайдалану арқылы әр азамат өз дерегін қорғап қана қоймай, құқықтық мәдениеттің қалыптасуына үлес қоса алады.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT