Тәртіпке бейжай қарамау – ортақ міндет

Қауіпсіз әрі жайлы орта өздігінен қалыптаспайды. Оның артында қоғамдық тәртіпті сақтау, белгіленген талаптарға бағыну және айналамыздағы адамдарға деген жауапкершілік тұр. Сондықтан «Заң мен тәртіп» қағидаты қоғам өмірінің барлық саласында маңызды мәнге ие.

Көшеде белгіленген ережені сақтау, қоғамдық орында тәртіп бұзбау, өзгенің мүлкіне құрметпен қарау, балалардың қауіпсіздігіне бейжай қарамау – мұның бәрі заң мен тәртіптің күнделікті өмірдегі көрінісі. Бір қарағанда қарапайым болып көрінгенімен, осындай әрекеттер қоғамдық қауіпсіздіктің қалыптасуына тікелей әсер етеді.

Тәртіп мәселесінде тек мемлекеттік органдарға жауапкершілік артып қою дұрыс емес. Әр тұрғын өз ауласындағы, көшесіндегі, жұмыс орнындағы тәртіпке үлес қоса алады. Құқық бұзушылықтың алдын алу да осындай ортақ жауапкершіліктен басталады.

Қоғамдық тәртіпті сақтау – біреуден қорыққандықтан емес, заңды түсініп, оның қажеттілігін сезінгендіктен орындалуы тиіс. Сонда тәртіп сыртқы талап емес, азаматтық әдетке айналады.

Бейбіт өмірдің бағасы – жоғары. Оны сақтау үшін үлкен әрекеттерден бұрын әр адамның өз міндетін адал орындауы маңызды.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT