Қауіпсіз орта қалыптастыру тек құқық қорғау органдарының міндеті емес. Бұл – қоғам мүшелерінің өзара жауапкершілігін талап ететін ортақ іс. Көшеде, қоғамдық орында, жолда немесе интернет кеңістігінде белгіленген тәртіпті сақтау әр азаматтың күнделікті міндетіне айналуы қажет.
Ауданда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда. Тұрғындармен кездесулер өткізіліп, заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау және түрлі құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде түсіндіру жүргізіледі.
Қарапайым тәртіп ережесін сақтау кейде үлкен мәселенің алдын алады. Өзгенің құқығына құрметпен қарау, қоғамдық мүлікке ұқыпты болу, белгіленген талаптарды орындау – мәдениетті қоғамның белгілері. Сондықтан тәртіпті сақтау әр адамның өзінен басталады.


