Тәртіпке бағынған ел – берекелі ел

Қоғамның тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ құндылық. Оны қамтамасыз етудің негізгі жолы – заң талаптарын сақтау және қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарау.

Тәртіп тек құқық қорғау органдарының жұмысына байланысты емес. Көшеде белгіленген ережені сақтау, қоғамдық орындарда тәртіп бұзбау, өзгелердің құқығына құрметпен қарау сияқты қарапайым әрекеттердің өзі қоғамдағы қауіпсіздікке ықпал етеді. Сондықтан тәртіпті сақтау әр азаматтың күнделікті өміріндегі маңызды қағида болуы тиіс.

Бір адамның жауапкершілігі екінші адамға үлгі болады. Осылайша қоғамда заңға құрмет, өзара сыйластық және жауапкершілік қалыптасады.

Заң үстемдік еткен, тәртіп сақталған қоғамда елдің болашағы да берік болады. Сондықтан заңды құрметтеп, тәртіпті сақтау – әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз.

 

Г.СӘДУАҚАС

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT