Таңертең көшеге шыққанда айналамыздағы тәртіпке қаншалықты мән береміз? Бағдаршамның жұмыс істеуі, көліктердің жол ережесін сақтауы, адамдардың қоғамдық орындардағы мәдениеті — мұның бәрі тәртіптің күнделікті өміріміздегі көрінісі.
Тәртіп өздігінен пайда болмайды. Ол әр адамның жауапты әрекетінен құралады. Бір адам ережені сақтаса, екіншісі соны көріп үлгі алады. Осылайша қарапайым әдеттер қоғамдық мәдениетке айналады. Әсіресе жастардың заңды білуі және тәртіпті сақтауы — елдің болашағы үшін маңызды.
Тәртіптің басты нәтижесі — адамдар арасындағы сенім. Адам заң жұмыс істейтініне және айналасындағылардың ережені құрметтейтініне сенсе, өзін қауіпсіз сезінеді. Демек, тәртіп — шектеу емес, еркін әрі қауіпсіз өмір сүруге мүмкіндік беретін ортақ құндылық.
Г.ЖОЛДАСҚАЛИ



