Тәртіп – көшеден емес, өзімізден басталады

Таңертең жұмысқа асыққан адам, мектепке бара жатқан оқушы, аула тазалап жүрген тұрғын – күн сайын бір ортада кездесетін адамдар. Олардың әрқайсысының өз тірлігі, өз жоспары бар. Бірақ бәріне ортақ бір талап бар: бір-бірінің құқығына кедергі келтірмеу және ортақ тәртіпті сақтау.

Қоғамдағы тәртіпті тек полиция қызметкерінің жұмысы деп қабылдау дұрыс емес. Мәселен, жол ережесін сақтау, қоғамдық орынға қоқыс тастамау, түнгі уақытта айналаға тыныштық беру немесе өзгенің мүлкіне қол сұқпау – заң мен тәртіптің күнделікті өмірдегі қарапайым көріністері.

Кейде «одан ештеңе бола қоймас» деген немқұрайдылық үлкен мәселеге бастау болуы мүмкін. Бір адамның ережені елемеуі екінші адамның қауіпсіздігіне әсер етеді. Сондықтан тәртіпке жауапкершілік ұсақ-түйекке бөлінбейді.

Ауданның тыныштығы мен қауіпсіздігі мемлекеттік органдардың ғана емес, тұрғындардың да ортақ ісі. Заңды сақтау біреуден талап етуден бұрын, оны өзің орындаудан басталады.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT