Тәртіп бар жерде – тыныштық бар

Аудандағы тұрақтылық пен тұрғындардың қауіпсіздігі ең алдымен заң талаптарының сақталуынан басталады. Заң мен тәртіп – қоғамның қалыпты өмір сүруіне негіз болатын басты құндылықтардың бірі.

Күнделікті өмірде жол ережесін сақтау, қоғамдық орында тәртіп бұзбау, айналадағы адамдардың құқығы мен тыныштығын құрметтеу сияқты қарапайым талаптардың өзі үлкен маңызға ие. Осындай жауапкершілік әр тұрғынның бойынан көрінсе, ауданымыздағы қауіпсіздік деңгейі де арта түседі.

Сондықтан заңды сақтау тек құқық қорғау органдарының міндеті емес, баршамызға ортақ жауапкершілік деп білемін. Тәртіпке әркім өзінен бастау берсе, елді мекеніміз де тыныш әрі қауіпсіз болады.

 

Г.Сәдуақас

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT