Тәртіп бар жерде – тұрақтылық бар

Тәртіп ұғымын көбіміз үлкен ережелермен байланыстырамыз. Алайда тәртіп ең қарапайым әрекеттерден басталады. Уақытты бағалау, қоғамдық орында өзін дұрыс ұстау, көшені ластамау, кезекті сақтау немесе жол қозғалысы ережесін бұзбау – күнделікті өмірдегі тәртіптің нақты көрінісі.

Ауданымызда қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында түрлі жұмыстар жүргізіліп келеді. Мұндай шаралардың нәтижелі болуы тек жауапты мамандарға емес, тұрғындардың өзіне де байланысты. Егер әр адам айналасындағы жағдайға бейжай қарамай, тәртіпсіздікке жол бермеуге тырысса, ортақ қауіпсіздік те нығая түседі.

Тәртіп – біреуден талап ететін нәрсе емес, ең алдымен өзімізден бастайтын қасиет. Әр азамат өз міндетін дұрыс орындаған жағдайда ғана қоғамда тұрақтылық қалыптасады. Сондықтан тәртіпті сақтау – бүгінгі күннің ғана емес, болашақтың да маңызды талабы.

 

Г.СӘДУАҚАС

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT