Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес – қоғамның ортақ міндеті

Отбасы – әр адамның өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі. Сондықтан отбасында сыйластық пен өзара түсіністік орнауы қажет. Алайда тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі қоғамда әлі де кездесіп, көптеген адамдардың өміріне кері әсерін тигізуде.

Зорлық-зомбылық тек физикалық күш көрсету ғана емес, психологиялық қысым көрсету, қорқыту және адамның құқығын шектеу сияқты әрекеттерді де қамтиды. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін құқықтық сауаттылықты арттырып, отбасылық құндылықтарды нығайту маңызды. Әрбір азамат зорлық-зомбылыққа бейжай қарамай, оның алдын алуға атсалысуы керек.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз қоғам құру – баршамыздың ортақ мақсатымыз. Сыйластық пен жауапкершілікке негізделген отбасы ғана берік әрі бақытты болмақ.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT