Тазалықты өзімізден бастайық

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы елімізде қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып, тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды жоба деп ойлаймын. Бұл бастаманың ауданымызда да жүйелі түрде жүзеге асып жатқаны қуантады. Сенбіліктер ұйымдастырылып, көшелер мен аулалар тазаланып, қоғамдық орындар абаттандырылып келеді. Мұндай жұмыстардың нәтижесі бірден көзге көрінеді.

Дегенмен тазалықты тек арнайы ұйымдастырылған шара кезінде ғана қолға алумен шектелмеуіміз керек. Күнделікті өмірде қоқысты белгіленген орынға тастау, айналаны ластамау, өз ауламыз бен көшенің тазалығына бейжай қарамау – әр азаматтың қарапайым міндеті. Осындай қарапайым әрекеттер көбейген сайын ауданымыз да таза әрі көрікті бола түседі.

Меніңше, «Таза Қазақстанның» басты мәні – адамдардың қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгерту. Тазалыққа әрқайсымыз өз үлесімізді қоссақ, нәтижесі де еселенеді. Таза аудан – тұрғындардың ортақ еңбегінің нәтижесі. Сондықтан бұл бастаманы қолдап, тазалықты өзімізден бастауымыз қажет.

 

Г.СӘДУАҚАС

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT