Тазалықтың тамыры – жауапкершілікте

Көктем келгенде елді мекендерде тазалық жұмыстары қыза түседі. Көшелер реттеліп, аулалар тазаланып, айналаға көрік беретін жұмыстар атқарылады. Алайда тазалықтың шынайы нәтижесі сенбілік аяқталғаннан кейін байқалады.

«Таза Қазақстан» бастамасы тұрғындарды бір күндік жұмысқа ғана емес, қоршаған ортаға тұрақты жауапкершілікпен қарауға үндейді. Себебі бүгін тазаланған жердің ертең қайта ластанбауы – әр адамның мәдениетіне байланысты.

Бұл ретте қоғамдық орындардағы тәртіпке мән беру, тұрмыстық қалдықтарды бейберекет тастамау, ауланы күтіп ұстау секілді қарапайым талаптардың маңызы зор. Осындай әдеттер қалыптасқан жерде тазалықты сақтау үшін арнайы ескерту де азаяды.

Ауданның ажары – оның көшесінен, ауласынан, табиғатынан көрінеді. Сондықтан тазалық шараларын науқан ретінде емес, үздіксіз жұмыс ретінде қабылдаған дұрыс.

Таза орта – ортақ еңбекпен жасалады. Ал оны сақтап қалу – одан да үлкен жауапкершілік.

 

Г.СӘДУАҚАСОВА

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT