«Таза Қазақстан» акциясы – туған жеріміздің тазалығына жауапкершілікпен қарауға үндейтін маңызды бастама. Таза әрі көрікті аудан – ең алдымен, сол жерде тұратын халықтың мәдениеті мен жауапкершілігінің көрсеткіші.
Ауданымызда сенбіліктер ұйымдастырылып, көшелер, аулалар мен қоғамдық орындар тазаланып келеді. Мұндай жұмыстарға тұрғындар, жастар мен еріктілердің белсенді қатысуы қуантады. Өз ауламызды, көшелерімізді таза ұстау арқылы ауданымыздың көркеюіне өз үлесімізді қоса аламыз.
Менің ойымша, тазалық бір күндік акциямен шектелмеуі керек. Әр адам тазалықты өзінен бастаса, ауданымыз одан әрі таза, жайлы әрі көрікті болады. «Таза Қазақстан» – баршамызға ортақ жауапкершілік.
Г.Сәдуақасова


