Соңғы уақытта ауданымыздың әр жерінен тазалық жұмыстарының жүргізіліп жатқанын байқауға болады. Көшелер ретке келтіріліп, аулалар тазаланып, айналаға көрік беретін жұмыстар атқарылуда. Бұл – «Таза Қазақстан» бастамасының нақты нәтижесі.
Осындай шараларға тұрғындардың да белсенді араласуы көңіл қуантады. Сенбілік кезінде үлкендермен қатар жастардың, мекеме қызметкерлерінің бірлесіп еңбек етуі – ортақ іске деген жауапкершіліктің көрінісі. Бірі қоқыс жинаса, енді бірі ағаштардың айналасын ретке келтіреді. Сырт көзге қарапайым көрінгенімен, мұндай жұмыстар ауданның жалпы келбетіне үлкен әсер етеді.
Тазалықты сақтау тек науқан кезінде атқарылатын жұмыс болып қалмауы керек. Көшені таза ұстау, қоқысты белгіленген жерге тастау – әр адамның күнделікті мәдениеті. Осындай қарапайым әдеттер қалыптасса, ауданымыздың ажары да арта түсетіні сөзсіз.
Г.Сәдуақас


