Қоғамдағы тәртіп пен тазалық бір-бірімен тығыз байланысты. Таза көшеде, жинақы аулада және абаттандырылған ортада өмір сүру әр адамға жағымды әсер қалдырады. Осы бағытта «Таза Қазақстан» бастамасының маңызы зор.
Бүгінде тазалық жұмыстарына тұрғындардың белсенді араласуы жақсы нәтижесін көрсетіп келеді. Сенбіліктер өткізіліп, аумақтар қоқыстан тазартылып, қоғамдық орындар ретке келтірілуде. Мұндай жұмыстардың басты нәтижесі – жиналған қоқыстың азаюы ғана емес, адамдардың қоршаған ортаға деген көзқарасының өзгеруі.
Тазалыққа жауапкершілікпен қарау отбасынан, мектептен, еңбек ұжымынан басталады. Әр азамат өзі тұратын ортаны таза ұстауға атсалысса, қоғамдағы тәртіп те нығая түседі. «Таза Қазақстан» – осы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ортақ бастама.


