Қоршаған ортаның тазалығы – әр адамның күнделікті әрекетінен көрінеді. «Таза Қазақстан» бастамасының негізгі мақсатының бірі де – тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Аудан аумағында тазалық жұмыстары тұрақты жүргізілгенімен, бұл міндет тек сенбілік өткізумен шектелмеуі керек. Көшеге қоқыс тастамау, арнайы жәшіктерді пайдалану, табиғи аумақтарды ластамау – қарапайым талаптар болғанымен, оның маңызы зор.
Тазалық сақталған жерде адамдардың да көңіл күйі көтеріліп, елді мекеннің көркі артады. Ал бір адамның жауапсыз әрекеті көпшілік еңбегін жоққа шығаруы мүмкін.
Сондықтан тазалықты арнайы науқан кезінде ғана емес, күнделікті өмірде сақтау қажет. Әр тұрғын өзінен бастап, айналасына үлгі көрсетсе, ауданның тазалығы да тұрақты қалыптасқан жақсы әдетке айналады.
Г.СӘДУАҚАС



