Тазалық – туған жерге деген құрметтен басталады

Туған жердің тазалығы мен көркі – сол жерде өмір сүріп жатқан әр адамның ортақ жауапкершілігі. Меніңше, «Таза Қазақстан» бастамасының басты мәні де осында. Бұл – белгілі бір күнде ғана өткізілетін сенбілік емес, күнделікті өмірімізге тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.

Махамбет ауданында елді мекендерді абаттандыру, көшелер мен қоғамдық орындарды ретке келтіру, тазалық жұмыстарын жүргізу бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Мұндай іске тұрғындардың да белсенді араласуы ерекше маңызды. Өйткені тазалықты тек арнайы қызметтердің жұмысы деп қабылдау дұрыс емес. Өз ауламызды таза ұстау, қоқысты белгіленген орынға тастау, айналаны бүлдірмеу – қарапайым көрінгенімен, үлкен мәдениеттің белгісі.

Таза әрі көрікті аудан – бәрімізге ортақ мақсат. Сондықтан туған жерге жанашырлық әр адамның күнделікті ісінен көрінсе, «Таза Қазақстан» идеясы да нақты нәтижеге айналады. Тазалық бар жерде тәртіп, жауапкершілік және жақсы көңіл-күй қалыптасады.

 

Г.СӘДУАҚАС

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT