Тазалық – тәртіптің бастауы

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауданымызда тазалық жұмыстарына көңіл бөлініп жатқаны қуантады. Тазалық ең алдымен адамның өзінен басталады деп ойлаймын.

Көшеге қоқыс тастамау, аула маңын таза ұстау, қоғамдық орындарға ұқыпты қарау – үлкен жауапкершілікті қажет етпейтін, бірақ маңызды әрекеттер. Ауданымыздың таза болуы тек арнайы қызметкерлерге байланысты емес.

Әр тұрғын өзінен бастап, айналасына жанашырлық танытса, нәтиже де жақсы болады. Әсіресе сенбілік кезінде тұрғындардың бірлесіп жұмыс істегені жақсы үлгі көрсетеді.

Мұндай шаралар адамдарды тазалыққа ғана емес, ұйымшылдыққа да тәрбиелейді. Таза көшелер мен жинақы аулалар ауданымыздың көркін арттырып, тұрғындарға жайлы орта қалыптастырады. Сондықтан тазалықты уақытша науқан емес, күнделікті өмір салтына айналдыру қажет деп есептеймін.

Г.СӘДУАҚАС

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT