Тазалық – тәрбиеден басталады

«Таза Қазақстан» бастамасының басты маңызы – тек қоршаған ортаны тазарту емес, жас ұрпақтың санасына тазалық мәдениетін қалыптастыру. Себебі табиғатты аялауды бала кішкентайынан көріп өссе, болашақта қоршаған ортаға жанашыр азамат болып қалыптасады.

Бүгінде балалар телефон мен технологияға жақын болғанымен, табиғатпен байланысын үзбеуі керек. Оларға ағаш отырғызудың, аула тазалаудың, қоқысты бейберекет тастамаудың маңызын түсіндіру – үлкендердің міндеті. Себебі тәрбие сөзбен емес, әрекетпен беріледі. Егер ата-ана мен қоғам тазалыққа бейжай қарамаса, бала да соны бойына сіңіреді.

Таза ортада өскен бала ұқыптылыққа, жауапкершілікке және еңбекті бағалауға үйренеді. Бұл – болашақ қоғамның мәдениетін қалыптастыратын маңызды құндылықтардың бірі. Сондықтан «Таза Қазақстан» әр отбасының тәрбиелік бағытына айналуы қажет.

Табиғатты қорғау – бір күндік іс емес, ұрпаққа берілетін өнеге. Бүгінгі бала тазалықты сақтауды үйренсе, ертең туған жеріне жанашыр азамат болып өседі.

 

Г.Сәдуақасова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT