Тазалық – тәрбие бастауы

Тазалық адамның мәдениеті мен тәрбиесінен көрінеді. Баланың бойында қоршаған ортаға деген жауапкершілікті ерте қалыптастыру – маңызды міндет. Сондықтан «Таза Қазақстан» аясындағы жұмыстарға жас ұрпақты белсенді түрде тарту қажет.

Аудан мектептерінде «Таза Қазақстан» тақырыбында экологиялық сағаттар, сурет байқаулары және тазалық акциялары өткізіледі. Оқушылар өз мектептерінің ауласын тазалап, гүлдер мен көшеттер отырғызады. Сонымен бірге «Менің таза ауданым» атты шығармашылық жұмыстар ұйымдастырылып, балалар өздерінің ауданын таза әрі көрікті ету туралы ұсыныстарын ортаға салады.

Тазалыққа үйрету – баланы жауапкершілікке тәрбиелеудің бір жолы. Бүгінгі оқушының жақсы әдеті ертеңгі азаматтың мәдениетіне айналады. Таза Қазақстанды қалыптастыру әрқайсымыздың кішкентай ісімізден басталады.

Г.ЖОЛДАСҚАЛИҚЫЗЫ
 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT