Қоршаған ортаның тазалығы – әр адамның мәдениеті мен жауапкершілігінің көрінісі. Бүгінде «Таза Қазақстан» бастамасы табиғатты қорғауға, туған жерді таза ұстауға үндейтін маңызды жобаға айналды. Әсіресе ағаш егу, көше тазалау, аула мен саябақтарды күтіп ұстау секілді жұмыстар қоғамға үлкен пайдасын тигізуде.
Таза ортада өмір сүру – адам денсаулығына да, көңіл-күйіне де жақсы әсер етеді. Егер әр адам өз ауласын, өз көшесін таза ұстаса, еліміз де көркейе түседі. Табиғатты қорғау тек бір мекеменің емес, барша халықтың ортақ міндеті болуы керек. Себебі бүгінгі тазалық – келер ұрпаққа қалатын аманат.
Сондықтан «Таза Қазақстан» бастамасына белсенді қатысып, қоршаған ортаны аялау – әр азаматтың парызы. Табиғатты таза сақтау арқылы біз болашаққа жарқын әрі көркем Қазақстанды қалдырамыз.
Г.Сәдуақасова

