Тазалық – әр тұрғынның ортақ міндеті

«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы қоршаған ортаны қорғауға және тазалық мәдениетін қалыптастыруға үлкен серпін беріп отыр. Бұл игі бастамаға тек мемлекеттік мекемелер ғана емес, әрбір тұрғын өз үлесін қосуы маңызды.

Өкінішке қарай, кейбір адамдар қоқысты арнайы орындарға емес, жол жиегіне, өзен-көлдердің маңына немесе бос жатқан жерлерге тастайды. Мұндай әрекет табиғатқа зиян келтіріп қана қоймай, елді мекеннің көркін бұзады. Сондықтан әркім өзінен бастап, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға шығарып, айналасын таза ұстауды әдетке айналдырса, ауданымыз әлдеқайда көрікті болар еді.

«Таза Қазақстан» – бір күндік сенбілік емес, тазалыққа деген тұрақты көзқарас. Туған жердің тазалығы – әрбір азаматтың жауапкершілігі. Табиғатты аялап, тазалықты бірге сақтасақ, болашақ ұрпаққа көрікті де таза Қазақстанды аманат ете аламыз.

 

Г.Сәдуақас

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT