Тазалық – ортақ міндет

«Таза Қазақстан» аясындағы сенбіліктердің басты ерекшелігі – тұрғындардың ортақ іске белсенді араласуында. Тазалықты тек арнайы қызметтердің жұмысы деп қабылдамай, оған әр азаматтың үлес қосуы маңызды.

Ауданымызда ұйымдастырылған сенбіліктер барысында көшелер мен аулалар тазаланып, жиналған қоқыстар шығарылып, қоршаған орта ретке келтірілуде. Бір қарағанда қарапайым көрінгенімен, мұндай жұмыстар адамдардың бір-біріне деген жауапкершілігін және туған жерге деген жанашырлығын қалыптастырады.

Меніңше, «Таза Қазақстан» – тазалық акциясы ғана емес, күнделікті мәдениетке айналуы тиіс жақсы бастама. Өзіміз тұрған ортаны таза ұстасақ, ауданымыз да жылдан жылға көркейе береді.

 

Г.Сәдуақас

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT