Тазалықты сақтау адамның мәдениеті мен тәрбиесін көрсетеді. Қоғамдық орынға ұқыпты қарау, қоқысты кез келген жерге тастамау, табиғатты ластамау – қарапайым болғанымен, үлкен жауапкершілікті талап ететін әрекеттер.
«Таза Қазақстан» бастамасының маңызы да осында деп есептеймін. Оның мақсаты тек аумақтарды тазарту емес, адамдардың қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертуге ықпал ету. Әсіресе бұл тәрбие жас ұрпақ үшін маңызды. Бала тазалықты отбасынан көріп, мектепте үйреніп, қоғамнан жақсы үлгі алса, ол әдет өмір бойы қалыптасады.
Сондықтан тазалық мәселесіне немқұрайлы қарамауымыз керек. Әр тұрғын өз ауласынан, өз көшесінен бастап тазалыққа мән берсе, бүкіл ауданның жағдайы жақсарады. Таза орта қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет әрі кейінгі ұрпақ алдындағы жауапкершілік.
Г.СӘДУАҚАС


