Тазалық мәдениеті – қоғам жауапкершілігінің көрсеткіші

«Таза Қазақстан» бастамасының ерекшелігі – тазалық мәселесіне қоғамның назарын аударуында. Ауданымызда ұйымдастырылып жатқан сенбіліктер мен тазалық шараларына тұрғындардың қатысып жүргені жақсы көрініс. Мұндай жұмыстар аумақты тазалап қана қоймай, адамдарды бірлікке және ортақ іске жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Дегенмен тазалықты тек арнайы акция кезінде ғана емес, күнделікті сақтау қажет. Қоқысты белгіленген орынға тастау, қоғамдық орындарды ластамау, өз аулаңды таза ұстау сияқты қарапайым әрекеттердің өзі үлкен мәдениетті көрсетеді. Әр тұрғын осыған мән берсе, аудан бойынша тазалықты сақтау әлдеқайда жеңіл болар еді.

Таза аудан – жай ғана көрікті орта емес, тұрғындардың мәдениеті мен жауапкершілігінің көрсеткіші. Сондықтан тазалықты бәріміз бірге қалыптастырып, бірге сақтауымыз керек.

 

Г.ЖОЛДАСҚАЛИ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT