«Таза Қазақстан» бастамасы елді мекендердің көркін жақсартумен қатар, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Тазалыққа мән берген жерде тәртіп те, мәдениет те қалыптасады.
Ауданда сенбіліктер мен абаттандыру жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылып, көшелер, аулалар мен қоғамдық орындар ретке келтірілуде. Мұндай жұмыстарға мекеме қызметкерлерімен бірге тұрғындардың да атсалысуы маңызды. Себебі туған жердің тазалығы тек арнайы қызметтің емес, баршаға ортақ міндет.
Қоршаған ортаны таза ұстау – үлкен істен басталмайды. Қоқысты белгіленген орынға тастау, айналаны ластамау, ағаштарды күтіп-баптау сияқты қарапайым әрекеттердің өзі ортақ нәтижеге әсер етеді.
Таза аудан – тұрғындардың ортақ еңбегінің жемісі. Сондықтан тазалықты бір күндік науқан емес, күнделікті әдетке айналдыру қажет.
Г.СӘДУАҚАСОВА



