Тазалық мәдениеті – қоғам айнасы

«Таза Қазақстан» бастамасы – туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне әрбір азаматты ортақ іске жұмылдыратын маңызды жоба. Біздің ауданда да бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Көшелердің, саябақтар мен қоғамдық орындардың тазарып, абаттандырылып жатқанын күнделікті көріп жүрміз.

Әсіресе, «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының белсенділігі қуантады. Жастардың еңбегі ауданның ажарын аша түсіп қана қоймай, тұрғындарға да жақсы үлгі көрсетеді. Мұндай жұмыстар қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып, тазалық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Таза аула, таза көше, таза аудан – баршамыздың ортақ еңбегіміздің нәтижесі. Сондықтан әр тұрғын қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлесін қосса, ауданымыздың көркі одан әрі арта түсетініне сенімдімін.

 

Ж.Жоламанова,

аудан тұрғыны, зейнеткер

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT