Туған жердің тазалығы – оның көркі ғана емес, тұрғындардың ортақ жауапкершілігін көрсететін маңызды белгі. Осы тұрғыдан алғанда, «Таза Қазақстан» бастамасы елді мекендерді абаттандырумен қатар, тазалыққа деген көзқарасты қалыптастыруға бағытталған.
Ауданда экологиялық бастама аясында көшелерді, қоғамдық орындар мен елді мекен аумақтарын ретке келтіруге мән берілуде. Сенбіліктерге мекеме қызметкерлері мен тұрғындардың қатысуы – ортақ іске деген жауапкершіліктің көрінісі. Әркім өз ауласы мен айналасына ұқыпты қараған жағдайда, үлкен аумақтың да ажары өзгереді.
Тазалық бір күндік науқан емес, күнделікті дағдыға айналғанда ғана нәтижесі тұрақты болады. Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстау – баршаға ортақ міндет.


