Тазалық – ел мәдениетінің көрінісі

Қоршаған ортаның тазалығы – кез келген елді мекеннің мәдениеті мен тұрғындарының жауапкершілігін көрсететін маңызды көрсеткіш. Осы ретте «Таза Қазақстан» бастамасы қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыруға үлкен серпін беріп отыр.

Ауданымызда өткізілетін тазалық және абаттандыру жұмыстарына түрлі сала мамандары, жастар, еріктілер мен тұрғындар белсенді қатысуда. Аула мен көшелерді тазалау, қоқыстарды жинау, ағаштарды күтіп-баптау сияқты қарапайым жұмыстардың өзі туған жердің көркеюіне үлкен үлес қосады.

Мұндай шаралардың тәрбиелік мәні де ерекше. Әсіресе жастардың табиғатты қорғауға және қоғамдық орындарды таза ұстауға атсалысуы – болашаққа жасалған жақсы қадам. Өйткені тазалықты сақтау бір күндік шарамен шектелмей, күнделікті өмір салтына айналуы қажет.

Таза орта – тұрғындарға жайлы жағдай қалыптастырып қана қоймай, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырады. Сондықтан тазалықты сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті әрі елге деген құрметі.

 

Г.Сәдуақас

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT