Туған жер – әр адам үшін қымбат мекен. Оның табиғатын қорғап, айналасын таза ұстау – туған елге деген құрметтің белгісі. Бүгінде «Таза Қазақстан» акциясы осы жауапкершілікті арттыруға үлкен үлес қосып келеді.
Аудан тұрғындары сенбіліктерге қатысып, көшелерді, аулаларды және қоғамдық орындарды тазалауда. Қоқыстар жиналып, ағаштардың айналасы ретке келтіріліп, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Әсіресе жастардың белсенділігі қуантады. Өйткені бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі елдің иесі.
Қоршаған ортаны қорғау әр адамның қарапайым әрекетінен басталады. Табиғатқа зиян келтірмеу, қоқысты арнайы орынға тастау және айналадағы тазалыққа немқұрайлы қарамау – үлкен нәтижеге жеткізетін қарапайым қадамдар.
Туған жеріміздің таза әрі көрікті болуы – өз қолымызда. Егер әр адам тазалыққа жауапкершілікпен қараса, ауданымыз да көркейе түседі. «Таза Қазақстан» акциясы баршамызды бірлікке және табиғатты қорғауға үндейді.
Г.Сәдуақасова


