Тазалық – ауыл мәдениетінің айнасы

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Махамбет ауданында қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Бұл бастама тұрғындарды тазалыққа шақырып қана қоймай, туған жерге деген жауапкершілікті арттыруды көздейді.

Аудан аумағында көшелер мен қоғамдық орындар ретке келтіріліп, елді мекендердің тазалығына ерекше көңіл бөлінуде. Аула маңын жинақтау, қоқысты белгіленген орындарға шығару, абаттандырылған аумақтарды күтіп ұстау жұмыстарына тұрғындар да белсенді қатысуда.

Тазалық – бір күндік науқан емес, күнделікті әдетке айналуы тиіс құндылық. Әр тұрғын өз ауласынан бастап тазалыққа мән берсе, ауылдың ажары да арта түседі. Сондықтан «Таза Қазақстан» – ортақ мекенімізді таза әрі жайлы етуге бағытталған ортақ жауапкершілік.

Г.Сәдуақасова

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT