Соңғы уақытта ауданымызда тазалық пен абаттандыруға көбірек көңіл бөлініп келе жатқанын байқап жүрміз. Көшелердің ретке келтірілуі, аулалардың тазалануы, қоғамдық орындардың жаңаруы – тұрғындар үшін көзге көрінетін жақсы өзгеріс. Мұндай жұмыстардың нәтижесі күнделікті өмірден байқалғанда ғана оның маңызын түсінесің.
«Таза Қазақстан» бастамасының ерекшелігі – адамдарды тек тазалық жұмысына шақыру емес, туған жерге деген көзқарасын өзгертуге ықпал етуінде деп ойлаймын. Бір жерді тазалап кеткеннен кейін қайта қоқыс тасталса, еңбектің мәні азаяды. Сондықтан тазалықты арнайы акция күтпей, әркім өзінен бастауы керек. Өз ауласын таза ұстаған адам көшесіне де, ауданына да жанашырлықпен қарайды.
Ауданның көркі тек жаңа ғимараттармен өлшенбейді. Таза көше, жинақы аула, күтімі бар саябақ – сол жердегі халықтың мәдениетін көрсетеді. Сондықтан «Таза Қазақстан» аясындағы жұмыстар жалғасын тауып, тазалық бір күндік шара емес, күнделікті әдетке айналса екен деймін.
Г.СӘДУАҚАСОВА


