Таза жағалау – табиғатқа құрмет

Өзен-көлдердің тазалығы – табиғаттың саулығының көрсеткіші. Өкінішке қарай, кейде демалыс орындарында қалдырылған қоқыс қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Сондықтан су айдындарының тазалығын сақтау – әр азаматтың міндеті.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында жүргізіліп жатқан жағалау аумақтарын тазарту жұмыстары табиғатты қорғауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Мұндай шаралар адамдардың экологиялық жауапкершілігін арттырып, туған жерге деген жанашырлығын күшейтеді.

Табиғатқа деген құрмет тазалықтан басталады. Өзен-көлдерімізді таза сақтау арқылы біз келер ұрпаққа көркем де таза қоршаған ортаны аманаттаймыз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT