Таза табиғат – болашаққа аманат

Қоршаған ортаны қорғау – бүгінгі күннің ғана емес, келешек ұрпақтың да тағдырына қатысты мәселе. Осы тұрғыдан алғанда «Таза Қазақстан» бастамасының маңызы ерекше. Табиғатты аялау, айналаны таза ұстау, жасыл желекті көбейту және елді мекендерді абаттандыру бағытындағы жұмыстардың барлығы өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ауданымызда да бұл бағыттағы жұмыстарға тұрғындардың атсалысып жүргені көңіл қуантады.

Әсіресе ағаш отырғызу мен көгалдандыру жұмыстарына ерекше мән берген дұрыс деп ойлаймын. Бір қарағанда бір талдың пайдасы аз көрінуі мүмкін. Бірақ әр тұрғын бір-бір көшеттен отырғызып, оны күтіп-баптауға атсалысса, бірнеше жылдың ішінде ауданымыздың табиғи келбеті айтарлықтай өзгереді. Сонымен қатар табиғатты қорғау тек сенбілік өткізумен шектелмей, күнделікті әдетке айналуы қажет.

Бүгін біз тазалыққа, табиғатқа және туған жерге қаншалықты жауапкершілікпен қарасақ, ертеңгі ұрпаққа соншалықты жақсы орта қалдырамыз. Сондықтан «Таза Қазақстан» бастамасын қолдау – ортақ міндет. Ауданымыздың таза, жасыл әрі көрікті болуы әрқайсымыздың кішкентай болса да нақты ісімізден басталады. Туған жерді таза ұстау – оны шын мәнінде қадірлеудің ең қарапайым әрі маңызды жолдарының бірі.

 

Г.СӘДУАҚАС

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT