Қоршаған ортаның тазалығы – адам денсаулығы мен өмір сапасына тікелей әсер ететін маңызды мәселе. Сондықтан «Таза Қазақстан» бастамасы аясында аудан аумағын көркейтуге ерекше көңіл бөлінуде.
Тазалық жұмыстары кезінде елді мекендердің көшелері, саябақтары мен қоғамдық орындары ретке келтіріліп, тұрмыстық қалдықтар жиналуда. Сонымен қатар көгалдандыру жұмыстарына да басымдық беріліп, көшеттер отырғызылып, жасыл желектерге күтім жасалуда. Бұл жұмыстарға тұрғындардың белсенді қатысуы туған жерге деген жанашырлықтың көрінісі.
Бүгін жасалған әрбір игі іс – ертеңгі ұрпаққа қалатын жақсы үлгі. Таза көшелер мен көрікті аумақтар тұрғындардың көңіл-күйіне де оң әсер етеді. Сондықтан аудан тазалығын сақтау – баршамызға ортақ міндет. Табиғатты қорғап, айналамызды таза ұстау арқылы болашаққа жарқын жол ашамыз.
Г.СӘДУАҚАСОВА



