Таза орта – жарқын болашақтың кепілі

Тазалық – әр адамның мәдениеті мен жауапкершілігін көрсететін маңызды құндылық. Қазіргі таңда елімізде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы жүзеге асырылып, елді мекендерді көркейтуге ерекше көңіл бөлінуде. Бұл игі іс аудан тұрғындарын да ортақ мақсатқа біріктіріп келеді.

Аудан көлемінде сенбіліктер ұйымдастырылып, көшелер мен аулалар тазалануда. Тұрғындар қоқыстарды жинап, ағаштардың түптерін әктеп, қоғамдық орындарды ретке келтіруге атсалысуда. Мұндай жұмыстар қоршаған ортаның тазалығын сақтап қана қоймай, адамдардың туған жерге деген жанашырлығын арттырады. Әсіресе жастардың белсенді қатысуы қуантады.

Тазалық бір күндік шарамен шектелмеуі керек. Әр тұрғын өз ауласын таза ұстап, қоқысты белгіленген орынға тастаса, ауданымыздың көркі де жақсара түседі. «Таза Қазақстан» – баршаға ортақ жауапкершілік. Туған жерді таза ұстау – өз болашағымызға жасаған қамқорлығымыз.

 

Г.Сәдуақас

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT