Таза орта – жарқын болашақ

Қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстар «Таза Қазақстан» бастамасының маңызды бөлігі деп ойлаймын. Ауданымызда ағаштарды күтіп-баптау, аумақтарды тазарту және көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатқаны қуантады. Таза әрі жасыл орта адамның көңіл күйіне де, елді мекеннің жалпы көрінісіне де оң әсер етеді.

Бұл жұмыстарға жастардың, қоғамдық ұйымдардың және қарапайым тұрғындардың белсенді араласуы ерекше маңызды. Бір адамның еккен ағашы немесе тазалаған аумағы шағын іс болып көрінуі мүмкін, алайда осындай игі істер көпшілікке үлгі болып, үлкен нәтижеге жеткізеді.

«Таза Қазақстан» – табиғатты қорғауға ғана емес, қоршаған ортаға деген мәдениетімізді қалыптастыруға бағытталған жақсы бастама. Оны тұрақты түрде жалғастырып, кейінгі ұрпаққа таза әрі көрікті аудан қалдыруымыз керек деп есептеймін.

 

Г.СӘДУАҚАС

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT