Таза орта – жайлы өмірдің негізі

Адамның көңіл-күйі мен күнделікті тұрмысына айналасындағы ортаның да әсері бар. Таза көше, жинақы аула, реттелген қоғамдық орындар – тұрғындарға қолайлы орта қалыптастырудың маңызды бөлігі.

Осы бағытта «Таза Қазақстан» бастамасы елді мекендердегі тазалық мәселесіне жаңаша көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік беріп отыр. Әңгіме тек қоқыс жинау туралы емес. Бұл – қоғамдық кеңістікке ортақ мүлік ретінде қарау, табиғатты қорғау және өзінен кейін таза орта қалдыру мәдениеті.

Әсіресе балаларға тазалықтың маңызын күнделікті әрекет арқылы көрсету маңызды. Бала үлкендердің қоршаған ортаға қалай қарайтынын көріп өседі. Сондықтан ата-ананың, ұстаздың, аға буынның үлгісі экологиялық тәрбиеде үлкен рөл атқарады.

Таза орта бір күнде қалыптаспайды. Ол жүйелі еңбек пен ортақ жауапкершіліктің нәтижесінде пайда болады. Сондықтан әр тұрғынның кішкентай әрекеті елді мекеннің үлкен өзгерісіне бастау бола алады.

 

Г.ЖОЛДАСҚАЛИҚЫЗЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT