Кейде туған жердің өзгеруі үлкен жобадан емес, қарапайым істен басталады. Ауладағы шашылған қоқысты жинау, көшені таза ұстау, тал-терекке күтім жасау – қоршаған ортаға деген жанашырлықтың нақты көрінісі.
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауданда тазалық пен абаттандыру бағытындағы жұмыстар жалғасып келеді. Түрлі ұжымдардың сенбіліктерге қатысып, өздеріне бекітілген аумақтарды ретке келтіруі елді мекендердің көркеюіне оң әсерін тигізуде. Мұндай жұмыстардың нәтижесі бірден байқалады: таза көше, жинақы аула, күтілген қоғамдық орын тұрғындарға қолайлы орта қалыптастырады.
Дегенмен тазалықты сақтау тек арнайы акция кезінде емес, әр күннің әдетіне айналуы қажет. Ортақ іске әр тұрғын өз үлесін қосқанда ғана туған өлкенің тазалығы тұрақты сипат алады.



