Таза көше – елдің көркі

Таңғы уақытта аудан көшелері біртіндеп жандана бастайды. Бірі жұмысқа асықса, бірі баласын мектепке шығарып салады. Осындай күнделікті тіршіліктің арасында тазалықтың да өзіндік орны бар.

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында аудан аумағында абаттандыру жұмыстары қолға алынып, көшелер мен қоғамдық орындар ретке келтірілуде. Аула тазалап, айналаны жинастыруға тұрғындардың да үлесі зор. Әсіресе ортақ іске немқұрайлы қарамайтын азаматтардың белсенділігі көңіл қуантады.

Тазалықты арнайы шара кезінде ғана емес, күн сайын сақтау – мәдениеттіліктің белгісі. Өз үйінің айналасын таза ұстаған адам қоғамдық орындарға да жауапкершілікпен қарайды.

Туған өлкенің көркі алыстан келген көркейту жұмыстарынан емес, әр тұрғынның қарапайым әрекетінен басталады. Сондықтан таза аудан құру – бәрімізге ортақ міндет.

 

Г.Сәдуақас

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT