Таза Қазақстан – жасыл болашақтың кепілі

Таза әрі көрікті Қазақстанды қалыптастыру – әрбір азаматтың ортақ міндеті. «Таза Қазақстан» бастамасы бізге қоршаған ортаны қорғаудың, табиғатты аялаудың және туған жерге жанашырлықпен қараудың маңызын еске салады.

Ағаш егу – табиғатқа жасалған ең игі істердің бірі. Әрбір отырғызылған көшет ауаны тазартып, қоршаған ортаның көркеюіне үлес қосады. Бүгін еккен ағаш ертең саялы баққа айналып, келешек ұрпаққа пайдасын тигізеді. Сондықтан ағаш отырғызу – тек экологиялық емес, азаматтық жауапкершіліктің де белгісі.

 «Таза Қазақстан» идеясы әр адамның қарапайым игі ісінен басталады. Бір тал еккен адам табиғатты сақтауға өз үлесін қосады. Табиғатты аялап, ағаш егіп, айналамызды таза ұстасақ, Қазақстанымыз бұрынғыдан да жасыл, көркем әрі таза елге айналады.

Г.Жолдасқали

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT