«Таза Қазақстан» – жарқын болашаққа бастар жол

«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды экологиялық бастама ғана емес, тұрғындардың туған жерге деген жанашырлығы мен азаматтық жауапкершілігін арттыратын игі жоба. Бұл бастама аясында ауданымызда тазалықты сақтау, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Аудан тұрғындары, еріктілер, жастар, мемлекеттік мекеме қызметкерлері және еңбек ұжымдары бірлесіп сенбіліктерге қатысып, көшелерді, саябақтарды, қоғамдық орындарды, өзен-көл жағалауларын және әлеуметтік нысандардың аумақтарын қоқыстан тазартып келеді. Сонымен қатар ағаш көшеттерін отырғызу, гүлзарларды күтіп-баптау, жасыл желекті көбейту жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Мұндай шаралар ауданның келбетін көркейтіп қана қоймай, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға зор үлес қосады. «Таза Қазақстан» бастамасының негізгі мақсаты да – қоғамда тазалық мәдениетін орнықтырып, табиғатқа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.

Тазалық – бір күндік науқан емес, ол әр адамның күнделікті өмір салтына айналуы тиіс. Ауладан басталған ұқыптылық ауылдың, ауданның, тұтас елдің көркеюіне ықпал етеді. Сондықтан туған өлкеміздің тазалығын сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Әр азамат өз ауласы мен айналасына жанашырлықпен қарап, табиғатты қорғауға үлес қосқанда ғана «Таза Қазақстан» идеясы өз нәтижесін береді. Таза аудан – тұрғындарының мәдениеті мен бірлігінің айқын көрсеткіші.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT