«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы – қоршаған ортаны қорғау мен елді мекендердің тазалығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды бастама. Бұл жоба тұрғындарды туған жерге жанашырлықпен қарап, ортақ іске белсенді атсалысуға үндейді.
Ауданымызда акция аясында санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Сенбіліктер ұйымдастырылып, көшелер мен қоғамдық орындар ретке келтірілуде. Осындай жұмыстарға аудан тұрғындарының белсенді қатысуы – тазалыққа деген ортақ жауапкершіліктің айқын көрінісі.
Таза әрі көрікті аудан қалыптастыру – тек бір мекеменің немесе белгілі бір топтың міндеті емес. Бұл – баршаға ортақ іс. Әр тұрғын өз ауласы мен көшесінің тазалығына мән берсе, ауданымыздың ажары арта түседі.
«Таза Қазақстан» – тазалық акциясы ғана емес, қоршаған ортаға құрметпен қарауды қалыптастыратын маңызды құндылық. Тазалықты өзімізден бастап, туған жерімізді бірге көркейтейік!
Г.СӘДУАҚАСОВА


