«Таза Қазақстан» – туған жерге деген жанашырлық

«Таза Қазақстан» – тек сенбілік өткізіп, қоқыс жинаумен шектелетін науқан емес. Менің ойымша, бұл – әр адамның туған жеріне деген көзқарасын өзгертетін маңызды бастама. Ауданымыздың көшелері мен қоғамдық орындарының таза болуы ең алдымен тұрғындардың мәдениетіне байланысты.

Өзіміз күнделікті жүретін көшеге қоқыс тастамау, белгіленбеген жерге тұрмыстық қалдық шығармау, ауланы таза ұстау – үлкен істің бастауы. Тазалықты тек арнайы қызметкерлердің міндеті деп қарау дұрыс емес. Әр тұрғын өз үйінің маңына жауапкершілікпен қараса, ауданымыздың көркі де өзгереді.

Сондықтан «Таза Қазақстан» идеясын бір күндік акция ретінде емес, тұрақты өмір салты ретінде қабылдауымыз керек. Таза аудан – жайлы орта, ал таза орта – елге деген құрметтің белгісі.

 

Г.СӘДУАҚАС

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT