Қоршаған ортаның тазалығы адамның табиғатқа ғана емес, өз айналасына деген қарым-қатынасынан байқалады. «Таза Қазақстан» бастамасының мәні де осы жауапкершілікті күнделікті өмір салтына енгізумен тығыз байланысты.
Ауданда абаттандыру және тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп, елді мекендердің көркін жақсартуға бағытталған шаралар қолға алынуда. Мұндай жұмыстарға тұрғындардың белсенді араласуы ерекше маңызды. Себебі сенбілік кезінде жиналған қоқысты тазалау ғана емес, оны қайта шашпау мәдениетін қалыптастыру да назарда болуы керек.
Тазалыққа құрмет отбасынан, мектептен және күнделікті қарапайым әдеттерден басталады. Өз ауласын таза ұстаған адам қоғамдық ортаға да жауапкершілікпен қарайды. Осылайша «Таза Қазақстан» тазалық шарасынан тұрақты мәдениетке айналады.


