«Таза Қазақстан» бағдарламасының басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Бұл бастама тұрғындарды табиғатты аялауға, туған жердің тазалығына жауапкершілікпен қарауға үндейді.
Қоқысты бей-берекет тастамау, табиғат аясында демалғаннан кейін орынды таза қалдыру, қоғамдық орындардың тазалығын сақтау – әр азаматтың міндеті. Осындай қарапайым әрекеттердің өзі қоршаған ортаның жақсаруына үлкен әсер етеді.
Таза орта – дені сау ұлттың негізі. Сондықтан туған жердің тазалығын сақтау жолындағы жұмыстарға белсенді қатысып, табиғатты қорғауды өмірлік ұстанымға айналдыруымыз қажет.


