Таза Қазақстан – таза болашақ

Тазалық – әр адамның күнделікті өмірінен басталатын маңызды құндылық. Қоршаған ортаның таза болуы адамның денсаулығына ғана емес, елдің көркеюіне де әсер етеді. Осы мақсатта елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұйымдастырылып, халықты табиғатты аялауға шақыруда.

Акция барысында тұрғындар өз аумақтарын тазалап, көшелерді қоқыстан арылтып, ағаштар мен гүлдер отырғызуда. Мұндай жұмыстарға жастар, мектеп оқушылары, мұғалімдер, түрлі ұйымдардың қызметкерлері белсенді қатысуда. Бірлесе атқарылған еңбек адамдардың туған жерге деген жауапкершілігін арттырады.
Тазалықты сақтау тек арнайы акция кезінде емес, күнделікті әдетке айналуы керек. Қоқысты кез келген жерге тастамау, табиғатты ластамау, жасыл желекті қорғау – әр азаматтың міндеті.

«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны тазарту ғана емес, елге деген сүйіспеншілікті көрсету. Таза аудан, таза көше, таза табиғат – жарқын болашақтың негізі. Сондықтан тазалықты әрқайсымыз өз ауламыздан бастайық!

 

Г.СӘДУАҚАСОВА

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT