Таза Қазақстан – таза болашақ кепілі

Қазіргі таңда елімізде тазалық пен экология мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. “Таза Қазақстан” бастамасы – табиғатты қорғауға, қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Тазалық тек сенбілікпен шектелмейді, ол – әр адамның мәдениеті мен жауапкершілігінің айнасы.

Қоршаған ортаны таза ұстау – өзімізге деген құрмет. Көшеге қоқыс тастамау, ағаш отырғызу, ауланы күтіп ұстау сияқты қарапайым әрекеттер қоғамға үлкен пайда әкеледі. Таза жерден адам да жақсы көңіл-күй алады. Әсіресе жастар табиғатты қорғауға белсенді қатысып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруы керек.

“Таза Қазақстан” бастамасы арқылы адамдар туған жерінің тазалығына бейжай қарамауды үйренеді. Таза қала мен таза ауыл – дені сау ұлттың кепілі. Сондықтан әр адам тазалықты өзінен бастап, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосуы қажет.

Тазалық – өркениетті қоғамның белгісі. Табиғатты аялау, туған жерді таза ұстау – әр азаматтың парызы. “Таза Қазақстан” – болашақ ұрпақ үшін жасалып жатқан маңызды бастама.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT